Аршалы ауданында реновация қалай жүріп жатыр

Аршалы ауданында реновация қалай жүріп жатыр

Аршалы ауданының халқымен кездесуде Ақмола облысының әкімі ескі тұрғын үйлерді реновациялау бағдарламасының тиімділігі туралы айтты. Бұл тек тұрғын үй қорын жаңарту ғана емес, сонымен бірге жаңа жайлы ортаны қалыптастыру болып табылады. Биыл ауданда реновация бағдарламасы аясында Аршалы кентінде 100 пәтерлі үй пайдалануға берілмек.

«Бұл – алға жасалған маңызды қадам: ескі 8 пәтерлі үй мен гараждардың орнына заманауи жайлы тұрғын үй салынып жатыр. Ал жекеменшік құрылыс баяу дамуда. Мұнда жаңа тәсілдер мен әкімдіктің қатаңырақ бақылауы қажет», – деп атап өтті өңір басшысы.

Мердігер ұйым өкілдерінің айтуынша, 100 пәтерлі үйді осы жылдың 4-тоқсанында тапсыру жоспарлануда.

Айта кетейік, өңірде реновация бағдарламасы Көкшетау қаласында, Бурабай, Зерендi, Бұланды және Аршалы аудандарында табысты жүзеге асырылуда.