Ақмола облысының әкімі театр ұжымымен кездесті

Ақмола облысының әкімі театр ұжымымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының директоры Жарас Қалдаровпен, Қазақстанның халық әртісі Жібек Бағысовамен және театр актері Қайрат Мырзаболатовпен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтқан негізгі тезистері талқыланды.

Театр ұжымымен өткен жиында өңір басшысы биыл 85 жылдық мерейтойын атап өткен Қазақстанның халық әртісі Жібек Бағысованың театр өнерін дамытуға қосқан зор үлесін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, келесі жылы құрылғанына 30 жыл толатын театрдың мерейтойына дайындық мәселелері қарастырылып, театр ұжымын толғандыратын өзекті тақырыптар – материалдық-техникалық базаны жаңарту, шығармашылық құрамды қолдау және көрерменмен байланысты нығайту жайы талқыланды.