Ақмола облысында Жастар күні аталып өтті

Ақмола облысында Жастар күні аталып өтті

Көкшетауда Жастар күні — энергия, креатив пен шабыт мерекесі өтті. Мереке жүздеген қала тұрғындары мен қонақтарын біріктіріп, оларды мазмұнды бағдарламамен қуантты: бояулар фестивалі, қатысушылар аэрозоль баллондарымен көше суреттерін салған «Өнер қабырғасы» арт-алаңы, жас мамандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, IT-hub интерактивті аймақтары, талантты орындаушыларға арналған ашық микрофон, аула және зияткерлік ойындар: теннис, шахмат, тоғызқұмалақ, сондай-ақ стритбол, қол күресі және гір спорты, отбасылық эстафеталар мен командалық рухты нығайтатын жарыстар, Көкшетаудың үздік әртістері қатысқан кешкі Open Air — мерекенің музыкалық шарықтау шегі болды.

Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев қатысып, бүгінгі буын – өңірдің болашағын бүгін қалыптастыра алатын мықты да бастамашыл жастар екенін атап өтті.

«Бүгінгі жастар – Тәуелсіздіктің нақты жемісі, Жаңа Қазақстанның басты қозғаушы күші. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастарды ел дамуының стратегиялық ресурсы ретінде айқындап келеді. Мемлекет басшысының бастамалары – сіздерге артылған зор сенім мен үлкен жауапкершілік. Биылғы жылдың «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялануы – тер төгіп табыс табатын, өз ісін шебер меңгерген жастарға құрмет көрсетумен қатар, еңбек адамының мәртебесін арттыру арқылы жаңа қоғам қалыптастырудың бастамасы», – деді әкімнің орынбасары.

Салтанатты бөлімде өңірдің жастар саясатын дамытуға елеулі үлес қосқан, сондай-ақ кәсіби жетістіктері мен белсенді өмірлік ұстанымы үшін облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған жастар мен жұмысшы жастардың өкілдері наградталды.

Ақмола облысындағы Жастар күні тек мерекелік шара ғана емес, әртүрлі мамандық, қызығушылық және жас өкілдерін біріктірген, тәжірибе алмасу, шабыттану және жаңа таныстықтарға жол ашқан нағыз алаңға айналды.