Келешекте «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 2025–2026 жылдары 5,8 млрд теңге сомасына ұзындығы 9,5 шақырым, диаметрі 820 мм болатын магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жөніндегі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Бұл жұмыстарды жүргізу алдағы жылыту маусымына уақтылы дайындалуға, күрделі апаттардың алдын алып, үйлерге жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, Степногорск қаласының халық саны шамамен 46 мың адамды құрайды. Қаладағы көп қабатты үйлер – 316, әлеуметтік нысандар – 65, басқа тұтынушылар – 342. Барлық тұрғын үйлер мен нысандар орталықтандырылған жылытуды тұтынушылар болып cаналады, жалпы максималды жылу жүктемесі – 175 Гкал.
📱 @KZgovernment