Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – ел игілігі жолында елеусіз еңбек етіп жүрген барша азаматтардың қажырлы қызметіне көрсетілген құрмет. Мемлекеттік қызмет – әрдайым жоғары жауапкершілік пен адалдықты, біліктілік пен тиянақтылықты талап ететін мәртебелі міндет.
Сіздердің табанды еңбектеріңіздің, халықпен тығыз байланыста атқарып жатқан қызметтеріңіздің нәтижесінде мемлекеттік басқару жүйесі дамып, азаматтардың әл-ауқаты артып келеді. Әр шешімнің халық мүддесіне қызмет етуі тиіс екенін терең түсіне отырып, әділдік пен адамгершілік ұстанымдарын басшылыққа алу – Сіздердің қызметтеріңіздің өзегі.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, мемлекеттік аппарат халыққа ашық, қолжетімді әрі тиімді қызмет көрсетуі қажет. Бұл ретте сіздердің үлестеріңіз ерекше.
Ақмола облысының дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіре отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби жетістіктер мен ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!