Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Полиция қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қоғам тыныштығын сақтау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың қауіпсіздігін қорғау – ерекше ерлік пен жігерді, биік жауапкершілік пен айнымас сертке адалдықты қажет ететін абыройлы міндет. Сіздер күндіз-түні халықтың бейбіт өмірі мен елдің тұрақтылығы үшін тынымсыз еңбек етіп келесіздер.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев құқық қорғау саласын реформалауға, оны заман талабына сай жетілдіруге айрықша көңіл бөліп отыр. Бұл өзгерістерді іске асыруда ішкі істер органдарының орны ерекше. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен табандылықтарыңыз – осы маңызды үдерістің табысты жүруіне кепіл болмақ.
Халықтың құқықтық сенімін нығайтып, заң үстемдігін қамтамасыз етуде Сіздердің әріптестікпен атқарып жатқан еңбектеріңіз айрықша құрметке лайық. Ардагерлерге де алғыс білдіремін – Сіздердің өнегелі жолдарыңыз жас буын үшін үлгі мен өнеге.
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақ-береке, ал қызметтеріңізге табыс пен толағай жетістік тілеймін.