Ақмолалық мемлекеттік қызметшілер республикалық спартакиадада үздік нәтиже көрсетті

Ақмолалық мемлекеттік қызметшілер республикалық спартакиадада үздік нәтиже көрсетті
11 маусымнан бастап Өскемен қаласында әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілер арасында республикалық спартакиада өтті.
 
Баскетбол бойынша Ақмола облысының командасы 4-орын алды. Құрамында:
•Қуаныш Қараулов – облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары;
•Жеңіс Баяғызов – Есіл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;
•Виктор Баранов – Сандықтау ауданы Балкашино ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
•Игорь Федченко – Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.
 
Жүзу бойынша Ақмола облысының командасы 1-орынға ие болды. Құрамында:
•Ғалымжан Ахметов – Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
•Азамат Баймышев – Ақмола облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы;
•Анастасия Чурбанова – Ақкөл ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маман-бухгалтері.
 
Жеке есеп бойынша:
•Ғалымжан Ахметов – 1-орын;
•Анастасия Чурбанова – 2-орын.
 
Эстафетада да ақмолалық команда 1-орын алды.
 
Үстел теннисі бойынша командалық есепте Ақмола облысы 1-орын алды. Құрамында:
•Евгений Овчинников – Астрахан ауданы Есіл ауылдық округінің әкімі;
•Марина Пелих – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атбасар аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторы, бас маман.