Облыстық әкімдікте кадр қызметкерлері үшін практикалық семинар өткізді

Облыстық әкімдікте кадр қызметкерлері үшін практикалық семинар өткізді

Ағымдағы жылғы 30 мамырда Ақмола облысы әкімі аппараты персоналды басқарудың бірыңғай қызметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті өкілдерінің және облыс әкімі аппараты әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен аудандар мен қалалар әкімдіктерінің кадр қызметтерінің қызметкерлері үшін практикалық семинар өткізді. 

Семинарда мемлекеттік қызметті өткерудің өзекті мәселелері талқыланды, Президенттік жастар кадр резервіне алдағы іріктеудің талаптары мен кезеңдері, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын сақтау талаптары қаралды. 

Кездесудің қорытындысы бойынша өңірлердің кадр қызметтеріне бос лауазымдарды уақытында толықтыру, өңірлік кадр резервінің резервшілерін тарту, «е-қызмет» жүйесінде мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін сапалы толтыру бойынша жұмысты белсендіру тапсырылды. 

Кадр қызметтерінің бірқатар қызметкерлері мүлтіксіз, көп жылғы еңбегі үшін, Ақмола облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.