Балаларды қорғау күніне орай өтетін іс-шаралардың анонсы

Балаларды қорғау күніне орай өтетін іс-шаралардың анонсы

Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары!

 

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Көкшетау қаласында Қопа көлінің жаңартылған Жағалауының салтанатты ашылуы өтеді.

 

Сіздерді мазмұнды да мерекелік бағдарлама күтеді:

 

9:00 – Түркістан облысы мен Тәжікстан Республикасының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке

11:00 – «Северная» жанармай бекетінен бастау алатын жаңа веложол бойымен велошеру

11:30 – Костюмді шеру мен «Гормолзавод» ЖШС-нің балмұздақ таратуы

12:00 – Көкшетау қаласының отбасыларымен бірге ауаға батпырауық ұшыру

12:30 – Амфитеатрда концерттік бағдарлама

17:00 – Ашық аспан астындағы Open-Air кеші, қазақстандық танымал орындаушылар Sadraddin және Дастан Оразбековтың қатысуымен

20:00 – Жағалаудағы отшашу

 

Баршаңызды осы күнді шаттық пен жазғы көңіл күйде қарсы алуға шақырамыз!