Құрметті Астрахан ауданының тұрғындары!
«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін
2025 жылғы 17 қазан күні сағат 10.00-де Астрахан а. мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Астрахан ауданының халқымен кездесуі өткізіледі.
Халықпен кездесу өткізгеннен кейін мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады.
Ақмола облысы әкімінің аппараты