Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

 Акмола облысының жергілікті атқарушы органдарының 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есептердің жария талқылауларын жылына кемінде бір рет өткізеді.

      Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін пайдаланылады.

    Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

          Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі 2025 жылғы қызметі туралы есеп (бұдан әрі – Есеп) облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтерді қамтиды.

          Мемлекеттік қызметтерді 15 басқармамен және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар, 20 аудандық (қалалық) әкімдіктер, оның ішінде дербес бөлімдер, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары көрсетеді.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

    Қолданыстағы Тізілімге сәйкес жергілікті атқарушы органдармен 191 мемлекеттік қызмет түрін, оның ішінде 167 түрі немесе электронды түрде 94% көрсету көзделген.

       Ақысыз негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 163 мемлекеттік қызмет түрі, ақылы негізде – мемлекеттік қызметтің 18 түрі.

       2025 жылы Ақмола облысының жергілікті органдары 7 млн 319 мың қызмет көрсетті.Оның ішінде электрондық форматта ақпараттық жүйелер арқылы - 6 млн 997 мың қызмет, «Электрондық үкімет» порталы арқылы - 229,6 мың қызмет, мемлекеттік корпорация арқылы - 17,2 мың қызмет, қағаз түрінде -75,2 мың қызмет көрсетілді.

       3) Сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер жөніндегі ақпарат

       Есептік деректерді талдау көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 94%-ы денсаулық сақтау саласына тиесілі екенін көрсетті.  Мәселен, 2025 жылы денсаулық сақтау саласында 6 млн 883 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Дәрігердің қабылдауына жазылу», «Жедел медициналық көмек шақырту», «Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру» денсаулық сақтау саласының қызметтері бойынша сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер айқындалды.

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер

        Мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпараты бар стендтер (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, өтініш үлгілері және т.б.) орналастырылған.

       Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімдерінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы жыл сайынғы есеп, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері, мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесіне шағымдану тәртібі туралы ақпарат орналастырылған.

      Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың ғимараттарында 1400 роллап шағымдану рәсімі бойынша ақпаратпен орнатылған.

      Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат танымал әлеуметтік желілер, БАҚ беттерінде орналастырылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 221 түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

          2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

          Ақмола облысында облыстық маңызы бар қалалар мен облыс аудандарында 9 (тоғыз) азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар, Ақмола облысының 12 аудандық әкімдігінде "Ашық әкімдіктер" жұмыс істейді.

          Ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында, мектептерде, медициналық мекемелерде 1400 "egov.kz" қолжетімділік бұрышы жұмыс істейді.

          Әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру бойынша 205 тікелей эфир өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған қызметкерлердің 385 компьютерлік техникасы жаңартылды.

         Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

         1) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері ЖАО мемлекеттік қызметтерін ұсынуда 27 ақпараттық жүйелер тартылды, оның ішінде 25 немесе 92,5% орталық мемлекеттік органдардың балансында.

          Ақмола облысының ЖАО иелігінде 1 (бір) ақпараттық жүйе бар («Өңірлік геоақпараттық жүйе», «Автоматтандырылған мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»).

          Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру бойынша орталық мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтің 4 жасырын мемлекеттік қызметтер бойынша Тізілімге енгізу үшін ұсыныстар жолданды.

          2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

          Есепті кезеңде Ақмола облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсететін 1536-нан астам қызметкерді қамтитын 28 оқыту семинарын өткізді.

          Сонымен қатар, 612 қызметкер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес ішкі бақылау қызметтері жүргізетін бақылау іс-шараларының мақсаты бақылау объектілерінің бұзушылықтарды анықтау, жою және оларға жол бермеу болып табылады.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау және мониторингілеу жөніндегі функциялар құрылымдық бөлімшелерге, облыс әкімдігіндегі, аудандар әкімдіктеріндегі және облыстық маңызы бар қалалардағы жауапты қызметкерлерге бекітілген.

2025 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау тұрғысынан 167 бақылау іс-шарасы немесе жоспарланғаннан 100% өткізілді.

          Бақылау іс-шараларын жүргізу барысында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзудың 13085 фактісі, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін бұзудың 421 фактісі, бас тарту мерзімін бұзудың 318 фактісі, негізсіз бас тартудың 1 фактісі, НҚА көзделген құжаттардың толық пакеті болмаған кезде мемлекеттік қызметтер көрсетудің 38 фактісі, бекітілген НҚА-да көзделмеген құжаттарды талап етудің 124 фактісі, Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзудың 228 фактісі, жұмыс кестесін сақтамаудың 30 фактісі, 11919 мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу фактісі анықталды.

          Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдар саны 371 құрайды, оның ішінде 310 ұсыным орындалды. 61 ұсынымның орындалуы бақылауда.

          Ішкі мемлекеттік бақылау ұсынымдары шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама нормаларын бұзғаны үшін ЖАО мемлекеттік органдарының 51 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 39 ескерту, 10 сөгіс, 2 қатаң сөгіс.

          Ақмола облысының әкімдігіне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 51 өтініш түсті. Барлық өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің шеңберінде қаралды.

          2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

Қоғамдық мониторинг жүргізудің мақсаты көрсетілетін қызметті алушылардың көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына, қолжетімділігіне және рәсімдеріне қанағаттану деңгейін айқындау, проблемалық мәселелерді анықтау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

"Шығыс Қазақстан жастар ақпараттық-талдау агенттігі" қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырысы бойынша жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша халықтың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейі Ақмола облысының ЖАО 2025 жылы 95,5% құрады (ҚР өңірлері бойынша орташа – 94,1%).

    Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

          Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2026 жылға бірқатар іс шаралар жоспарланды:

          ауылдық округтерде мемлекеттік қызмет көрсету күндерін өткізу;

          аудандар әкімдіктерінің, басқармалардың әлеуметтік беттерінде онлайн эфирлер өткізу;

          бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру;

          "электрондық үкімет" порталы, Мемлекеттік корпорация арқылы өтініштер үлесін ұлғайту;

          "жасырын" мемлекеттік қызметтерді анықтау;

          көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру;

          Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданылатын ескірген компьютерлік техниканы жаңарту;

          мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз қол жеткізу жағдайларын жасау;

          мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;

          көрсетілетін қызметті берушілердің қызметкерлері үшін арнайы оқыту жүргізу;

          Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.

Дата публикации
03 марта 2025
Дата обновления
27 февраля 2026
Тип
Есеп

Сейчас читают

11 июня 2026
25 мая 2026
25 мая 2026

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты