2025 жылғы 30 наурызға Ақмола облысында 2 сайлау округтарыңда (Қосшы қаласы-1, Шортанды ауданы -1) болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында 7 кандидат ұсынылды. Оның 1 - і саяси партиялар, -6- өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 4– ер адам және 3– әйел адам.
2 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 1– партия қатарында жоқ, 4- партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жас – 40.8 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында 2 этнос өкілдері бар.
6 кандидаттың жоғары білімі, 1– орта кәсіптік білімі бар.
Кандидаттардың 4-і бюджеттік салада, 2 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 1 - саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері.
Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, 2025 жылғы 28 ақпанға жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 3 кандидатты тіркеді.
Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 5 наурыз сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 29 наурыз күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.