2022 жылғы 20 ақпанға тағайындалған аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің кандидаттарын тіркеу қорытындылары туралы облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы

Ақмола облысында 6 аудандық маңызы бар  қала, ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау 6 ауданда тағайындалды.

Сонымен қатар 2 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, 4 әкім өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты сайланады.

Барлығы 24 кандидат, оның 6  (25%) – «NurOtan» саяси партиясынан, 18 өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды.

Түрлі себептер бойынша 3 кандидат алынып тасталды, оның ішінде 2 – сәйкессіздік бойынша, 1 - өз кандидатурасын алып тастау туралы өтініш бойынша.

 21 кандидат тіркелді, оның 6 (28,6%) – «NurOtan» саяси партиясынан, 15 өзін-өзі ұсынушылар.

Орташа бәсекелестік-3,5 адам.

21 үміткердің 9 (42,9%) - әйелдер.

15 кандидат жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер, 4 – бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 1 – коммерциялық құрылымның өкілі, 1-зейнеткер болып табылады.

Оның ішінде 1 кандидат нақты ауылдық округтегі әкімдігіне қайта сайлауға ұсынылды.

Орташа жасы - 39 жас, оның ішінде ең жасы – 29 жаста, ең жасы үлкен - 58 жаста.

8 (38,1%) кандидаттар ауылдық округте, 13 (61,9%) - ауданда тұрады.

Район Биржан сал

 

Буландынский район

 

Жаксынский район

 

Жаркаинский район

 

Сандыктауский район

 

Целиноградский район

                                                                                                                                     

Дата публикации
09 февраля 2022