26 қыркүйек күні ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2021 жылғы 26 қыркүйекте Жарқайың ауданының Бірсуат ауылының әкімін Бірсуат сайлау округі бойынша сайлау өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының  2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының Бірсуат ауылы әкімі сайлауының қорытындылары туралы №496 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын анықтады:

Бірсуат сайлау округі

Бірсуат ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

 Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 322 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 287. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 9, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 11.     

Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:

Әбенова Б.М. – 233; Есполова Ж.С. – 14; Ысқақова Н.Ж. – 20.

Бірсуат ауылының әкімі болып Әбенова Бақыткүл Мүбәракқызы 1969 жылы туған, Бірсуат ауылының тұрғыны, «Жарқайың ауданының Бірсуат ауылы әкімінің аппараты» ММ әкімі сайланды, «Нұр Отан» партиясымен ұсынылған.

Жарқайың аудандық сайлау комиссиясы

 

2021 жылғы 26 қыркүйекте Зеренді ауданының Қонысбай ауылдық округі әкімінің Қонысбай сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының                  14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Зеренді ауданының Қонысбай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қонысбай ауылдық округі әкімін сайлау бойынша қорытындыларды белгіледі.

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1118 азамат енгізілді, оның 1076-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, "барлығына қарсы" жолында белгі қойылған - 1

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Балмағамбетов Д.К. – 78; Башаров Ж. К. – 997.

Қонысбай ауылдық округінің әкімі болып Башаров Жеңіс Кеңесұлы сайланды, 1986 жылы туған, "Васильков НОМ" КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қонысбай ауылдық округінің Васильковка ауылында тұрады, " Партия "Nur Otan"ҚБ партиясымен ұсынылды.

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45 бабына сәйкес 2021 жылғы 27 қыркүйектегі шешімімен, 2021 жылғы 26 қыркүйекте сайланған, Зеренді ауданының Қонысбай ауылдық округінің әкімін тіркеді.

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы

 

2021 жылғы 26 қыркүйек Целиноград ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерінің екі сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

Целиноград аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Целиноград ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Қараөткел сайлау округі бойынша Қараөткел ауылдық округі әкімінің сайлауы:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4666 азамат енгізілді, оның 639-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 20, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 25.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Дауылтаев Т.К. – 151; Мукушев А.С. – 433; Хусаинов Д.Г. – 10.

Қараөткел ауылдық округінің әкімі болып Мукушев Азамат Серікұлы сайланды, 1982 жылы туған, «Целиноград ауданы әкімдігі істері басқармасы» КММ басшысы, Ақмол ауылдық округінің Ақмол ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Талапкер ауылдық сайлау округі бойынша Талапкер ауылдық округі әкімінің сайлауы:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3028 азамат енгізілді, оның 644-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 14, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-12.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жахин Н.Г. – 23; Кужубаев М.А. – 507; Мырзахан О.М. – 88.

Талапкер ауылдық округінің әкімі болып Кужубаев Мирас Әлібекұлы сайланды, 1988 жылы туған, Талапкер ауылының әкімінің орынбасары, Талапкер ауылдық округінің Талапкер ауылында тұрады,  өзін-өзі ұсынған.

Целиноград аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
28 сентября 2021