«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімі аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19.06.2026 - 22.06.2026
Қабылдау 1 этап: 19.06.2026- 22.06.2026
Қабылдау 2 этап: 23.06.2026
Практикалық бағалау: 24.06.2026
Анықтама телефоны: 87162297246
D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысының мәдениет басқармасы мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жүзеге асыру жөніндегі бөлімнің бас маманы, D-O-4
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысу. Жобаға қатысушыларды барынша қамту мақсатында аудандық (қалалық) мәдениет бөлімдеріне шығуды жүзеге асыру. Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша есептілікті ұсынудың дұрыстығын тексеру. Қызметті үйлестіру және оларды уақтылы шешу мақсатында проблемалық мәселелер бойынша аудандық мәдениет ұйымдарынан ақпарат жинауды жүзеге асыру. Бөлімнің құзыретіне жататын Ақмола облысының стратегиялық даму жоспарының көрсеткіштерімен жұмыс. Барлық аудандық, қалалық және облыстық мәдениет объектілерінің ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізу. Облыстық және аудандық нысандарды жөндеу бойынша сметалық құжаттармен жұмыс. Бекітілген кестеге сәйкес облыс бойынша Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс қызметтерін көрсету мониторингін жүргізуге қатысу.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.