2026 жылғы 14 маусымға тағайындалған Ақмола облысындағы ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

2026 жылдың 14 маусымда Ақмола облысының 5 ауданында 9 сайлау округі бойынша ауылдар және ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы өтті: Атбасар ауданы Атбасар қаласы, Покровка, Полтавка ауылдық округтерінің әкімдерін, Біржан сал ауданы Заозерное ауылының, Донской, Заураловский ауылдық округтерінің әкімдерін, Ерейментау ауданы Аксуат ауылының әкімін, Жақсы ауданы Белағаш ауылының әкімін, Целиноград ауданының Қараөткел ауылдық округінің әкімін.

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 28819 азамат енгізілді, оның ішінде 17108(59,36%) дауыс беруге қатысты.
Әкімге кандидаттар саны – 27 адам.
Барлық 9 елді мекенде әкімдер сайланды.
Әкімдер болып сайланды: 5 – мемлекеттік қызметшілер, 1- коммерциялық саласының жұмыскері, 3-уақытша жұмыс істемейді. Оның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған - 7, өзін өзі ұсынғандар -2 адам.
Сайлаушыларды максималды қатысуы 87.29% (Атбасар ауданы, Полтавка ауылдық округі), минималды – 6.13% (Қараөткел ауылдық округі Целиноград ауданы).
Ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар облыстық аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылып, Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

 

Дата публикации
15 июня 2026