«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімі аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16.06.2026 - 17.06.2026
Қабылдау 1 этап: 16.06.2026- 17.06.2026
Қабылдау 2 этап: 18.06.2026
Практикалық бағалау: 19.06.2026
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мал шаруашылығы және асылдандыру ісі бөлімінің бас маманы, DO-4
Функционалдық міндеттері:
Мал шаруашылығын дамыту мониторингін жүзеге асыру. Мал азығын өндіруді ұйымдастыру және дамыту. «Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсету. «Микрокредиттерге кепілдік беру жөніндегі комиссия» мемлекеттік қызметін көрсету. Мал шаруашылығы саласында іске асырылатын Бағдарламалар бойынша облыс өңірлерінде Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында кәсіпкерлікті дамытуға және несиелендіруге жәрдемдесу.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: мал дәрігерлік медицина, мал дәрігерлік тазалық сақтау, экономика, қаржы, есеп және аудит, ветеринария, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.