Аккөл, Аршалы, Атбасар, Біржан сал, Егіндікөл, Ерейментау, Есіл, Жаксы, Зеренді аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының 2026 жылғы 10 маусымдағы ауыл және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы қаулыларының негізінде, Ақмола облысында 2026 жылдың 19 шілдеге келесі әкімдерінің сайлауы тағайындалды:
Аккөл ауданы Урюпин ауылдық округінің әкімін;
Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округінің әкімін;
Атбасар ауданы Борисовка ауылының әкімін;
Біржан сал ауданы Краснофлотское ауылының әкімін;
Егіндікөл ауданы Бауманское ауылының әкімін;
Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылдық округінің әкімін;
Есіл ауданы Юбилейный ауылдық округінің әкімін
Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округінің әкімін;
Зеренді ауданы Айдабол ауылының әкімін, Ортақ ауылдық округінің әкімін.
Сайлауды тағайындау бойынша, олардың шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген қалалар мен аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында орналастырылды және қалалық/аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.