«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімі аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.06.2026 - 16.06.2026
Қабылдау 1 этап: 15.06.2026- 16.06.2026
Қабылдау 2 этап: 17.06.2026
Практикалық бағалау: 18.06.2026
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы заң қызметінің бас маманы, D-O-4
Функционалдық міндеттері:
Құжат айналымын, жоғары тұрған органдардың және басқарма басшылығының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіру. Шарттар жасасуды үйлестіруді, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөнінде шаралар қабылдау. Шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде ықпал ету шараларын қолдану. Құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу және әзірлеуге жәрдемдесу. Құқықтық жалпыға міндетті оқытуды ұйымдастыру және басқарма қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-құқықтық және басқа да құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша регламенттерді әзірлеу. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы конкурстарды өткізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу, Басқарманың басқа да комиссияларына қатысу. Басқармаға келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және бақылау.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: халықаралық құқық, құқықтану
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.