Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мал шаруашылығы және асылдандыру ісі бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2028 жылғы 3 желтоқсан қоса алғандағы мерзімге бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне. Негізгі қызметкер көрсетілген мерзімге дейін әлеуметтік демалыстан жұмысқа шығуға құқылы)

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Ақмола облысы әкімі аппараты

Конкурс туралы ақпарат

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.06.2026 - 16.06.2026

Қабылдау 1 этап: 15.06.2026- 16.06.2026

Қабылдау 2 этап: 17.06.2026

Практикалық бағалау: 18.06.2026

Анықтама телефоны: 87162297231

D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923

(Лауазымдық  жалақы  нақты  қызметкердің  жұмыс  өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мал шаруашылығы және асылдандыру ісі бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2028 жылғы 3 желтоқсан қоса алғандағы мерзімге бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне. Негізгі қызметкер көрсетілген мерзімге дейін әлеуметтік демалыстан жұмысқа шығуға құқылы), D-O-4

Функционалдық міндеттері:

Асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау мен дамытудың, селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты жетілдірудің өңірлік (өңірлік) бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Мал ша-руашылығында асыл тұқымды ісін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізу. Субсидиялауға жататын өткізілетін асыл тұқымды өнімнің (материалдың) жылдық квотасын айқындау. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсету. Асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған
іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: мал дәрігерлік медицина, мал дәрігерлік тазалық сақтау, ветеринария, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс өтілі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот ртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне екетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
11 июня 2026