Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы сауда мониторнгі және құқықтық сүйемелдеу бөлімінің бас маман- заңгері

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақмола облысы әкімі аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.06.2026 - 16.06.2026

Қабылдау 1 этап: 15.06.2026- 16.06.2026

Қабылдау 2 этап: 17.06.2026

Практикалық бағалау: 18.06.2026

Анықтама телефоны: 87162297231

D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693

             (Лауазымдық    жалақы    нақты    қызметкердің    жұмыс    өтіліне

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы сауда мониторнгі және құқықтық сүйемелдеу бөлімінің бас маман- заңгері, D-O-4

Функционалдық міндеттері:

Басқарма қызметкерлеріне консультациялық құқықтық көмек көрсету. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу. Басқармаға келісуге ұсынылатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, сондай-ақ басқарма тарапы болып табылатын шарттар мен келісімдердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу. Басқарма әзірлеуші болып табылатын заңға тәуелді актілердің мониторингін жүзеге асыру. Сот тәртібімен талқылауға жататын істер бойынша сотта материалдарды, қорытындыларды дайындау және белгіленген тәртіппен Басқарманың мүдделерін білдіру. Әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған жұмысқа қатысу. Заңнаманы қолдану мәселелері жөніндегі басқармада құқықтық оқуды жоспарлау және ұйымдастыру. Басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылауды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын орындау жөніндегі жұмысты үйлестіру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бақылауды жүзеге асыру. Сауда мен бағаны тұрақтандыруға байланысты мәселелерді шешу үшін сот және құқықтық органдарда бөлімнің мүдделерін білдіру. Сауда мен баға белгілеуге байланысты жобаларды құқықтық қолдауды үйлестіру. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпараттық материалдарды толтыру және жаңарту. Жоғары тұрған органдардың, басқарма басшылығының құжаттарын, тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: халықаралық құқық, кеден ісі, құқықтану, мемлекеттік және жергілікті басқару

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
11 июня 2026