Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау бойынша кеңес өткізілді.

Ағымдағы жылғы 9 және 10 маусымда №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау бойынша кеңес өткізілді.

Жария талқылауға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Құсайынов Аманжол Амангелдіұлы, облыстық басқармалардың басшылары, облыстың аудандары мен қалаларының әкімдіктері, жобалық офис басшысы, үлгілік базалық бағытты іске асыруға жауапты менеджерлер қатысты.

Кеңес барысында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, ветеринария, ішкі саясат, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, білім, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, экономика және бюджеттік жоспарлау, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларында, Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Бурабай, Атбасар, Бұланды, Ерейментау, Есіл аудандарының, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктерінде бекітілген кестеге сәйкес мамыр айында өткізілген ішкі талдаулардың нәтижелері талқыланды.   

Кеңес нәтижелері бойынша жауапты адамдарға осы жұмысты тұрақты және барынша сапалы жүргізу, қол жеткізілген көрсеткіштермен шектелмеу және №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру бойынша қойылған міндеттерді белсенді пысықтау тапсырылды.

Дата публикации
10 июня 2026