Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
akim@aqmola.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Ахметжанов Марат Мұратұлы
Ақмола облысының әкiмi
Общая информация, образование

Ахметжанов Марат Мұратұлы, 1964 жылы туған, білімі жоғары, заңтану мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Карьера

Еңбек жолын 1991 жылы Теміртау қаласының прокуратурасында тағылымгер қызметінен бастады. 1993-1996 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, одан кейін Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы. 1996-1997 жылдары – Мемлекеттік тергеу комитетінің Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы. 1997-1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы. 1998-2001 жылдары – Тергеу департаменті директорының орынбасары және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары. 2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы. 2003-2006 жылдары – Павлодар облысының прокуроры. 2006-2009 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры. 2009-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы. 2012-2014  жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары. 2014-2016 жылдары – Атырау облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, одан кейін Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.

2016-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.

2021 -2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы.

2022-2023 жылдары  – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

2023 жылғы қыркүйек айынан бастап Ақмола облысы әкімінің лауазымына тағайындалды.

«Құрмет», ІІ дәрежелі «Даңқ», І дәрежелі «Даңқ» ордендерімен наградталған.

Облыс әкiмi

Облыс әкімдігі мен облыс әкімі аппаратының қызметін басқару. 

Облыс әкімінің бірінші орынбасарының, облыс әкімі орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының, облыстық атқарушы органдардың, аудандар, Көкшетау, Қосшы және Степногорск қалалары әкімдерінің жұмысын, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің келісілген қызмет атқаруын үйлестіру.

Экономикалық, қаржылық, фискальды саясаттың, жергілікті бюджеттің стратегиялық мәселелері. 

Кадр саясатының мәселелері.

Қорғаныс және құқықтың тәртіп мәселелері. 

Норма шығармашылық қызмет мәселелері. 

Облыс әкімі іс-тәжірибелік қызметінде уәкілеттілігінің бір бөлігін облыс әкімінің бірінші орынбасарына, облыс әкімінің орынбасарларына, облыс әкімі аппаратының басшысына, аудандардың, Көкшетау, Қосшы және Степногорск қалаларының әкімдеріне бере алады. 

Облыс әкімі жұмыс орнында болмаған кезде оны облыс әкімінің бірінші орынбасары алмастырады, облыс әкімінің бірінші орынбасары болмаған жағдайда, облыс әкімі орынбасарының біреуіне жүктеледі. 

Облыс әкімі: 

республикалық деңгейде: Қазақстан Республикасының Президентімен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен, Қазақстан Республикасының Парламентімен, министрліктермен және басқа орталық мемлекеттік органдармен; 

өңірлік деңгейде: құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдармен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерімен, жергілікті атқарушы және өкілетті органдарымен, квазимемлекеттік сала ұйымдарымен және басқа да ұйымдармен қарым-қатынастарда ұсынады.   

Басқарады: облыстық әкімдікті, облыстық бюджеттік комиссияны, инвестиция тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңесті, өңірлік үйлестіру кеңесін, инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесін, экспорт жөніндегі өңірлік кеңесті,  кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесті,  жастар істері жөніндегі кеңесті, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссияны, жоғары және жоғарыдан кейінгі білімімен кадрларды даярлауға мемлекеттік білім тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияны, жоғары және жоғарыдан кейінгі білімін төлеу үшін білім гранттарын беру жөніндегі комиссияны, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияны, мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияны, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияны, құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі комиссияны, терроризмге қарсы комиссияны, облыс әкімінің атаулы стипендиясын тағайындау жөніндегі комиссияны, облыстық кадр комиссиясын, облыс әкімінің құрмет грамотасымен наградтауға ұсынымдарды қарау жөніндегі комиссияны.   

Облыс әкімі аппаратының есеп беретін құрылымдық бөлімшелері және лауазымдары: мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімше, облыс әкімінің баспасөз қызметі, ішкі аудит қызметі, облыс әкімінің режим жөніндегі көмекшісі, облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі.  

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты