Жарқайың ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жанындағы «Коммунсервис» ШЖҚ МКК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2025 жылдың 1 маусымынан 30 маусымы аралығында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі сараптама жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық қызығушылық танытқан тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сараптамаға қатыса алады.
Сараптамаға қатысу мәселелері бойынша Жарқайың ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жанындағы «Коммунсервис» ШЖҚ МКК 9-10-42 телефоны арқылы хабарласуға болады. Өтінімдер ағымдағы жылдың 18 мамырына дейін қабылданады.