Державинск қаласының Н.Крупская атындағы мектепте тыл еңбеккерлерімен кездесу өтті.

Державинск қаласының Н.Крупская атындағы мектепте тыл еңбеккерлерімен кездесу өтті.

Кездесуге Вдович Иван Григорьевич, Жантлеева Рахима Молдашевна және Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахметова Ұлболсын Асқаровна қатысты.

🔹Кездесудің қонақтары – мектеп оқушылары болды. Тыл еңбеккерлері өз өмір жолы мен соғыс жылдарындағы қиын кезеңдерді еске алып, оқушылармен бөлісті. Оқушылар үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, алғыстарын білдірді.

🔹Қонақтар құрметіне шағын концерт ұйымдастырылды. Кездесу өте жылы, әсерлі өтті. Мұндай шаралар жас ұрпақтың тарихқа деген құрметін арттырып, үлкендерді қадірлеуге тәрбиелейді.