Қазіргі уақытта екінші көтерілімдегі су тазарту станциясында іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде, құбыр жүйелерін қысыммен сынау жұмыстары атқарылып жатыр. Сонымен қатар, Державинск қаласына айналма су құбырының құрылысы жалғасуда. Бұдан бөлек, нысан маңындағы аумақты абаттандыру жұмыстары да жоспарға сәйкес аяқталатын болады.