«Халық заңгері»

«Халық заңгері»

Маңызды жаңалық!
«Халық заңгері» біржолғы республикалық акциясы туралы хабарлауға қуаныштымыз, осы акция аясында кез келген адам заң туралы тегін кеңес алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады. Акция 26 мамыр күні сағат 17:00-де өтеді.
Мемлекеттік органдар, елдің үздік заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды қабылдап, кез-келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа кеңес беретін болады. Кіру тегін. Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз.
Державин қаласында келесі мекенжай бойынша өтеді: Захаров көшесі, 37 Жарқайың ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы «Жарқайың аудандық мәдениет үйі» МКҚК ғимараты.

Өтетін орындар туралы ақпарат Instagram –
zharkain _audanynyn_akimdigi.сайтында жарияланатын болады.
💼 Ұйымдастырушылар: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Параграф» АЖ, zakon.kz желілік басылымы, мемлекеттік органдар, адвокаттар мен заңгерлер.
Көмектесу үшін бірігеміз!