«Кедергісіз келешек» - «Будущее без барьеров»

«Кедергісіз келешек» - «Будущее без барьеров»

          «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған бейімдеу жоспарын орындау мақсатында  ауданда 62 нысан паспортталып, бейімделді. Бұл нысандар интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген.

          2021 жылы 10 нысанды толық бейімдеу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 7 нысан толықтай бейімделген пандустармен қамтамасыз етілді, тактильді жолақтар, пиктограммалар, дабыл түймелері, көрсеткіштер және т.б. орнатылды.