Ауданда азаматтарды коронавирустық инфекцияға қарсы иммундау жалғасуда.

Ауданда азаматтарды коронавирустық инфекцияға қарсы иммундау жалғасуда.

Жарқайың ауданында 25 наурыздан бастап екінші компонентпен вакцинация басталды. Бұдан басқа, ауданымызға вакцинаның бірінші компонентінің тағы да 150 дозасы келіп түсті. 12 сәуір күніне 4 медицина қызметкері, 1 учаскелік полиция инспекторы, 12 ҰҚК қызметкері, созылмалы аурумен диспансерлік есепте тұрған адамдардың 1 санаты, басқалары -2 егілді. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап бірінші компонентпен вакцинациялаумен барлығы 140 адам қамтылды.

Вакцинадан кейінгі қолайсыз асқынулар тіркелген жоқ. ТЖҚ мамандары коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация бойынша белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.