Қадірлі жарқайыңдықтар!

Қадірлі жарқайыңдықтар!

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін қасиетті Рамазан айы – мұсылман үмбеті үшін маңызды мереке. Ізгі ойлар мен игі істер, өзара түсіністік пен келісімге бастайды, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейді. Сондықтан да ​ бейбіт өмір мен жасампаздықтың мекені – Қазақ еліне биыл жадыраған көктемде келген қасиетті Рамазан айы құт-береке әкелетініне сенімдімін.

Өкінішке қарай, биыл да Рамазан айы күрделі кезеңде өтетін болды. Жұқпалы дертті ауыздықтау үшін барлық шаралар жасалуда. Ауданымыздағы мұсылман жамағатын қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырамын. Біз бұл сынақты ауызбіршілік пен жауапкершіліктің арқасында еңсеретініміз сөзсіз. Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын! Елімізге амандық, әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!