Құрметті жарқайыңдықтар! Баршаңызды шын жүректен Алғыс  айту күнімен  құттықтаймын!

Құрметті жарқайыңдықтар! Баршаңызды шын жүректен Алғыс  айту күнімен  құттықтаймын!

    

          Баршаңызды шын жүректен Алғыс  айту күнімен  құттықтаймын!

          Талай тар жол тайғақ кешкен тағдырларды өз шаңырағының астына біріктіріп, қамқор қарлығаштай, барша ұлт өкілдерін бауырына басқан Отанымызда атап өтілетін осынау меркенің маңызы зор.

Алғыс айту күні – бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің қазақ еліне ризалығын білдіру арқылы өзара түсіністігіміз бен сыйластығымызды барша жұртқа паш ететін күн.

Алғыс айту күні бірлігімізді бекемдеп, шынайы ықыласымыз арқылы сыйластығымызды одан әрі нығайтуымыз қажет.

Қымбатты жарқайыңдықтар!

Бақыт бағалай білгеннің басында тұрақтайды. Ең асыл қазынамыз – бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай білсек, барлық асулардан асамыз. Бірлік қағидасы – әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналсын! Жүрегімізде Ұлы Отан – Мәңгілік Елге деген махаббат оты маздасын!

Баянды болашаққа бірге қадам басайық! Ырысымыз тасып, айбынымыз аса берсін! 

 Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов