Рейдтік іс-шаралар туралы

Рейдтік іс-шаралар туралы

 Аудан әкімдігінің, ауыл және ауылдық округтер әкімдіктерінің жанында құрылған мониторингтік топтармен күн сайын қоғамдық тамақтану, сауда-саттық, мемлекеттік мекемелер, білім ұйымдары, мәдениет, спорт және басқа да нысандарға оның жұмысының шектеу талаптарын (жұмыс кестесі), адамдар көп жиналатын отбасылық (банкеттер, тойлар, мерейтойлар), еске алу және басқа да іс-шараларды өткізуге шектеу талаптарын сақтамау, әлеуметтік қашықтықты сақтау, келушілердің саны лимитінің аспауына мониторинг жүргізіліп тұрады. Мониторингті жүргізу барысында, топ мүшелерімен сондай-ақ Ақмола облысы БМВД қаулыларының талаптары түсіндіріледі. 20 желтоқсаннан барлығы 49 рейд 202 нысанға жасалды, талаптарды бұзу анықталған жоқ. Ауданның жеке кәсіпкерлері мен тұрғындары санитарлық-эпидемиологияға қарсы және санитарлық-профилактикалық талаптарды сақтауда жауапты екендерін атап өту керек. Қазіргі уақытта аудан бойынша әкімшілік жауапкершілікке 23 жеке және заңды тұлғалар тартылды. Осыған орай, 29 желтоқсандағы күй-жайы бойынша қызыл аймақта, тұрғындарды Ақмола облысы БМВД қаулыларын сақтауға шақырамыз.