Құрметті прокуратура органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Құрметті прокуратура органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Құрметті прокуратура органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Заң мен құқықтық тәртіптің сенімді қорғаушысы ретінде, азаматтардың бостандығы мен конституциялық құқығын қорғап, қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресте заңдылықтың сақталуын, жалпы мемлекетте құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша міндеттеріңізді ойдағыдай атқара отырып, сіздер қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың кепілі болып табыласыздар. Аудандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын сақтау сіздердің жұмыстарыңыздың түбегейлі бағдарына байланысты.
Сіздерге мықты денсаулық, Отанымыз - Қазақстан Республикасының өркендеуі жолындағы игі істеріңіздің табысты болуын тілеймін!

Құрметпен,
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан