Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Жарқайың тазарту құрылыстары бар кәріз станциясына барды.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Жарқайың тазарту құрылыстары бар кәріз станциясына барды.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Жарқайың ауданына жұмыс сапары барысында ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген тазарту құрылыстары бар кәріз станциясына барды.

Жоба Державинск қаласының сарқынды суларын бұрудың орталық кәріз жүйесіне жеке сектордың көппәтерлі тұрғын үйлерін және әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық мақсаттағы объектілерді қосуды көздейді.

Станция құрылысы барысында 28,75 км кәріз трассасы салынды.

Тазарту қондырғысын іске қосқанға дейін алым 670 теңгені құрады, станцияның іске қосылуына байланысты тариф әр куб үшін 250 теңгеге дейін төмендеді. Толық қуатына шыққан кезде тариф 80-90 тг құрайды деп жоспарлануда.