Жарқайың ауданына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Н. Крупская атындағы орта мектепте болып қайтты. 

Жарқайың ауданына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Н. Крупская атындағы орта мектепте болып қайтты. 

Жарқайың ауданына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев биыл күрделі жөндеуден өткен Н. Крупская атындағы орта мектепте болып қайтты. 

Заманауи білім ошағының ғимаратында білім дәнін сеуіп жүрген мұғалімдер қауымы да, оқушылар мен ата-аналар да билік өкілдеріне ризашылықтарын білдірді. Себебі, ағымдағы жылы Ермек Боранбайұлының қолдауымен "Жұмыспен қамтудың жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында аталған орта мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілген болатын.

Жалпы ауданы 3055,5 шаршы метр екі қабатты оқу корпусында жаңа модификация кабинеттері (физика, химия, биология), мультимедиялық, бастауыш сыныптар кабинеті, информатика кабинеті бар.

Н. Крупская атындағы мектеп тарихында ағымдағы жыл алтын әріптермен жазылатын болды, өйткені дәл осы кезеңде білім ошағы екінші рет дүниеге келді. Білім ошағының ғимаратының салынғалы бері (1961 жыл) бұл жерде алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.