
Сапар барысында ол Державинск қаласындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке, аудандық тарихи-өлкетану музейіне, салынып жатқан жаңа мешіттің құрылыс алаңына, №1 Н. Крупская атындағы гимназияға және Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барып, олардың қызметімен танысты.
Жұмыс сапары аясында Жарқайың аудандық билер кеңесінің мүшелерімен кездесу өтіп, ұлттық құндылықтарды сақтау, қоғамдық келісімді нығайту және билер институтының қоғамдағы рөлін арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ауданның бас биі Төлеген Ибраевқа «Ақмола облысының тұңғыш биі» медалі табысталып, бірқатар кеңес мүшелері марапатталды.
Сапар қорытындысында Жарқайың ауданы әкімдігі мен «Ақмола облысы билер алқасы» қоғамдық бірлестігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
н Меморандум о взаимном сотрудничестве между акиматом Жаркаинского района и ОО «Ақмола облысы билер алқасы», направленный на развитие взаимодействия в сфере сохранения национальных ценностей и реализации совместных общественно значимых проектов.