
Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков жұмыс сапары барысында «Державинская Агропромтехника» ЖШС-не барып, егін орау науқанының барысымен танысты.
Кәсіпорын басшысы Валентин Сидоров аудан әкіміне егін жинау жұмыстарының ұйымдастырылуы, науқанның барысы және пайдаланылып жатқан ауыл шаруашылығы техникалары туралы баяндады.
Қазіргі таңда шаруашылық алқаптарында тәулік бойы 7 астық жинайтын комбайн мен жиналған өнімді уақытылы тасымалдауды қамтамасыз ететін жүк көліктері үздіксіз жұмыс істеуде.
Аудан әкімі егін орағына қатысып жатқан еңбеккерлерге науқанды сәтті аяқтап, ауа райының қолайлы болып, мол өнім алуға тілектестігін білдірді.