Жарқайың ауданындағы «Жастар» стадионында Астана күні мен Державинск қаласының 60 жылдығына арналған «Топжарған-2026» XXXI жазғы аудандық спартакиясының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жарқайың ауданындағы «Жастар» стадионында Астана күні мен Державинск қаласының 60 жылдығына арналған «Топжарған-2026» XXXI жазғы аудандық спартакиясының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков қатысушылар мен қонақтарды спартакиаданың ашылуымен құттықтап, спортшыларға әділ бәсеке, жарқын жеңістер, жаңа жетістіктер мен сәттілік тіледі.

Биылғы спартакиадаға ауданның ауылдық округтері мен Державинск қаласынан барлығы 16 команда қатысып, спорттың бірнеше түрінен бақ сынады.

XXXI жазғы аудандық спартакиаданың алауын алып жүру құрметі жеңіл атлетикадан Ақмола облысының чемпионы, армрестлингтен спорт шеберлігіне кандидат, облыстық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері және Жарқайың ауданының жеңіл атлетика мен көпсайыс құрамасының мүшесі Маканова Анжела Сергеевнаға берілді.

Ал спартакиада алауын жағу құрметі шаңғы жарысынан спорт шеберлігіне кандидат, облыстық және республикалық марафондардың бірнеше дүркін жеңімпазы әрі жүлдегері Жасұлан Дәулетбековке берілді.

Жалпыкомандалық есептің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

🥇 І орын – Отрадное ауылдық округі – 500 мың теңге сертификаты;

🥈 ІІ орын – Пятигорское ауылы – 350 мың теңге сертификаты;

🥉 ІІІ орын – Құмсуат ауылы – 150 мың теңге сертификаты.

«Түйе палуан» атағын Туяков Қуандық Темірбекұлы жеңіп алып, оған 100 мың теңге көлеміндегі сертификат табысталды.

«Топжарған-2026» XXXI жазғы аудандық спартакиадасы аудан спортшыларын бір арнаға тоғыстырып, бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және достық пен бірлікті нығайтуға өз үлесін қосты.