2026 жылғы 18 маусымда Жарқайың ауданы әкімінің м.а. Дулат Сыздық Тассуат, Далабай, Пригородное ауылдарының және Державинск қаласының тұрғындарымен кездесті.

2026 жылғы 18 маусымда Жарқайың ауданы әкімінің м.а. Дулат Сыздық Тассуат, Далабай, Пригородное ауылдарының және Державинск қаласының тұрғындарымен кездесті.

Кездесулерге елді мекен тұрғындары, Жарқайың ауданының аға прокуроры, полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ аудандық ұйымдардың басшылары қатысты.

Кездесу барысында аудан әкімінің м.а. Жарқайың ауданының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы тұрғындарды хабардар етті.

Сонымен қатар ауылдық округтер әкімдерінің, Державинск қаласы әкімінің және учаскелік полиция инспекторларының атқарылған жұмыстары жөніндегі есептері тыңдалды. Тұрғындарға соңғы уақытта жиілеп кеткен интернет-алаяқтық жағдайларына байланысты сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілді.

Ашық диалог барысында тұрғындар өздерін толғандырған бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

Есептік кездесулердің қорытындысы бойынша аудан әкімінің м.а. көтерілген әрбір мәселе бойынша тиісті бөлімдер мен ұйымдардың басшыларына нақты тапсырмалар берді.