2026 жылғы 18 маусымда Жарқайың ауданы әкімінің м.а. Дулат Сыздық Гастелло, Тасөткел ауылдарының және Отрадное ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

2026 жылғы 18 маусымда Жарқайың ауданы әкімінің м.а. Дулат Сыздық Гастелло, Тасөткел ауылдарының және Отрадное ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында аудан әкімінің м.а. Жарқайың ауданының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы тұрғындарды хабардар етті.

Сонымен қатар ауылдық округ әкімдерінің және учаскелік полиция инспекторларының атқарылған жұмыстары жөніндегі есептері тыңдалды. Тұрғындарға соңғы уақытта жиілеп кеткен интернет-алаяқтық жағдайларына байланысты сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілді.

Ашық диалог барысында тұрғындар өздерін толғандырған бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

Есептік кездесулердің қорытындысы бойынша аудан әкімінің м.а. көтерілген әрбір мәселе бойынша тиісті бөлімдер мен ұйымдардың басшыларына нақты тапсырмалар берді.