
Кездесу барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Жарқайың ауданының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы тұрғындарды хабардар етті.
Сонымен қатар ауылдық округ әкімдерінің және учаскелік полиция инспекторларының атқарылған жұмыстары жөніндегі есептері тыңдалды. Тұрғындарға соңғы уақытта жиілеп кеткен интернет-алаяқтық жағдайларына байланысты сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілді.
Ашық диалог барысында тұрғындар бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.
Есептік кездесулердің қорытындысы бойынша аудан әкімінің міндетін атқарушы көтерілген әрбір мәселе бойынша тиісті бөлімдер мен ұйымдардың басшыларына нақты тапсырмалар берді.