2026 жылғы 16 маусымда Жарқайың ауданы әкімінің міндетін атқарушы Дулат Сыздық Құмсуат, Львов ауылдары, Нахимов және Уәлиханов ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

2026 жылғы 16 маусымда Жарқайың ауданы әкімінің міндетін атқарушы Дулат Сыздық Құмсуат, Львов ауылдары, Нахимов және Уәлиханов ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесулерге елді мекен тұрғындары, Жарқайың ауданының аға прокуроры, полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ аудандық ұйымдардың басшылары қатысты.

Кездесу барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Жарқайың ауданының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы тұрғындарды хабардар етті.

Сонымен қатар ауылдық округ әкімдерінің және учаскелік полиция инспекторларының атқарылған жұмыстары жөніндегі есептері тыңдалды. Тұрғындарға соңғы уақытта жиілеп кеткен интернет-алаяқтық жағдайларына байланысты сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілді.

Ашық диалог барысында тұрғындар автомобиль жолдарының және ауылішілік көшелердің жағдайына қатысты, сондай-ақ елді мекендердің тыныс-тіршілігіне байланысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

Есептік кездесулердің қорытындысы бойынша аудан әкімінің міндетін атқарушы көтерілген әрбір мәселе бойынша тиісті бөлімдер мен ұйымдардың басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Кездесулерден кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізіліп, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды.