
Кездесулерге елді мекен тұрғындары, Жарқайың ауданының аға прокуроры, полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ аудандық ұйымдардың басшылары қатысты.
Кездесу барысында аудан әкімінің м.а. Жарқайың ауданының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы тұрғындарды хабардар етті.
Сонымен қатар ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің, учаскелік полиция инспекторларының атқарылған жұмыстар жөніндегі есептері тыңдалды. Тұрғындарға соңғы уақытта жиілеп кеткен интернет-алаяқтық жағдайларына байланысты сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілді.
Ашық диалог барысында ауыл тұрғындары білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, Бозылық су қоймасының құрылысы мәселесі де талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімінің міндетін атқарушы көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен ұйымдардың басшыларына нақты тапсырмалар берді. Барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынып, оларды шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.