
🔹Мереке аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Жарқайың ауданындағы «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер түлектердің қатысуымен салтанатты түрде көтерілді.
🔹Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков құттықтау сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. Ол барша жұртшылыққа бейбітшілік, амандық және өркендеу тіледі. Сонымен қатар, ауданның белсенді жастарына Алғыс хаттар табыстап, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін үлгілі әрі талапқа сай қолданған ұйымдарды марапаттады.
🔹Мерекелік іс-шара аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен қорытындыланды.