Балаларды қорғау күніне орай Державинск қаласының шағын алаңында және қалалық саябақта жарқын әрі мазмұнды мерекелік іс-шара өтті.

Балаларды қорғау күніне орай Державинск қаласының шағын алаңында және қалалық саябақта жарқын әрі мазмұнды мерекелік іс-шара өтті.

Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Арай Әбенова аудан әкімі Ербол Жүсіпбековтің атынан аудан балаларына мерекелік құттықтауын жеткізді.

🔹 Мерекелік шара барысында ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген, оқу, спорт, шығармашылық және еріктілік қызметте жетістіктерге жеткен балаларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

🔹 Балалар үшін түрлі тақырыптық алаңдар ұйымдастырылды. Олар шығармашылық шеберлік сабақтарына қатысып, спорттық және зияткерлік ойындарда бақ сынады, байқауларға қатысып, аниматорлармен көңіл көтерді және балалар шығармашылық ұжымдарының өнерін тамашалады.

🔹 Бүлдіршіндер түрлі-түсті бормен асфальтқа сурет салып, ән айтып, би билеп, қызықты ойындарға қатысып, көптен күткен жаз мезгілінің басталуын қуанышпен қарсы алды.

🔹 Мереке балаларға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын әсерлер мен ұмытылмас сәттер сыйлады.