
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Балалар – біздің болашағымыз, еліміздің жарқын ертеңі. Сіздер – Тәуелсіз Қазақстанның бақытты ұрпағысыздар. Мемлекет тарапынан өскелең ұрпақтың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалуда.
Біз сіздердің білімді, тәрбиелі, отансүйгіш азамат болып өсулеріңізге әрдайым қолдау көрсетеміз. Армандарыңыз асқақ, қадамдарыңыз нық, болашақтарыңыз жарқын болсын!
Қадірлі ата-аналар!
Балалардың бақытты балалық шағы мен жарқын болашағы жолындағы еңбектеріңізге алғыс білдіремін. Әр шаңыраққа амандық, қуаныш пен береке тілеймін!
Ізгі тілекпен, Жарқайың ауданының әкімі
Е. Жүсіпбеков