
Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков тұрғындарды мерекемен құттықтап, ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген азаматтарға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.
Бұл күні орталық алаң нағыз бірліктің символына айналды: мұнда түрлі этнос өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарынан дәм ұсынып, мәдени дәстүрлерін көрсеткен «Достық дастарханы» жайылды. Мерекелік атмосфераны шығармашылық ұжымдардың өнері, халық әндері, ұлттық ойындар мен билер толықтырып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бірлік күні Қазақстанның күші – оның алуан түрлілігі мен тұтастығында екенін тағы бір мәрте айқындап берді.