
Астана қаласында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында «Үздік оқушы СНГ» халықаралық байқауы өтті.
Аталған байқауға Жарқайың ауданы КММ «№1 Н. Крупская атындағы мектеп-гимназиясының» оқушылары - 10-сынып оқушысы Подрезова Милана мен 11-сынып оқушысы Мироненко Дарья қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Байқау қорытындысы бойынша екі қатысушы да «ТМД-ның үздік оқушысы» құрметті атағына ие болды.
Подрезова Милана қоғамдық белсенділігімен, әлеуметтік және білім беру жобаларын жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесімен, сондай-ақ жоғары академиялық жетістіктерімен ерекшеленді. Ал Мироненко Дарья олимпиадалық қозғалыстағы үздік нәтижелерімен, жоғары дайындық деңгейімен және түрлі деңгейдегі зияткерлік сайыстарға белсенді қатысуымен танылды.
Оқушылардың жетістігіне олардың ұстаздары - Ставничая Галина Валерьевна мен Любченко Любовь Юрьевнаның қосқан үлесі зор. Олар сапалы білім беріп, оқушыларды жоғары деңгейде дайындады.
Подрезова Милана мен Мироненко Дарьяны, сондай-ақ олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз.