Жарқайың ауданында «Таза Қазақстан» және «Таза аула» экологиялық акциялары аясында жалпыаудандық сенбілік өтті

Жарқайың ауданында «Таза Қазақстан» және «Таза аула» экологиялық акциялары аясында жалпыаудандық сенбілік өтті

Іс-шараға аудандық бөлімдердің қызметкерлері, аудан әкімі аппараты, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер және аудан тұрғындары белсене қатысты.

Жұмыстар облыстық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында ұйымдастырылған көшпелі топтар арқылы жүргізілді. Сонымен қатар, тазалық жұмыстары Державинск қаласында, сондай-ақ ауданның барлық ауылдары мен ауылдық округтерінде өтті.

Сенбілік барысында саябақтар мен қоғамдық орындарға санитарлық тазалау жүргізіліп, қоқыс жиналды, ағаштар мен бордюрлер әктеліп, сырланды, абаттандыру жұмыстары атқарылды. Аудан тұрғындары да өз үйлерінің маңайын ретке келтірді.

Мұндай бастамалар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, туған өлкені абаттандыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.