Бүгін аудандық әкімдік мәжіліс залында жыл сайын 16 сәуірде Қазақстанда атап өтілетін Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Салтанатты шара шағын мерекелік концертпен қорытындыланды.